Ұзынағаштағы атыс: дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын айтты

0
516

Алматы облысының Ұзынағаш ауылында қарулы қақтығыс болып, бір адам қаза тауып, екі адам жараланды.


Ұзынағаштағы атыс: дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын айтты

ERNUR.KZ. Дәрігерлер жаралылардың жағдайын айтты, деп жазады zakon.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 4 тамызда Ұзынағаштағы Жамбыл орталық аудандық ауруханасының жедел жәрдем бөліміне оқ жарақатымен екі адам түскен.

Олар анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды. Жарақатқа байланысты науқастардың жалпы жағдайы ауыр. Науқастар барлық қажет тексеруден өтті, шұғыл көмек көрсетілді.Алматы Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Еске салсақ, 4 тамыз күні сағат 16:20 шамасында оқ жарақатымен Ұзынағаш ауылындағы ауруханаға үш жергілікті тұрғын жеткізіліп, біреуі жансақтау бөлімінде қайтыс болған. «Ұстау» жоспары жарияланды. Облыстық полиция қақтығысқа қатысушылардың барлығы анықталып, оларды ұстау шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Алдын ала анықталғандай, қару қолдану оқиғасы бір топ жергілікті тұрғындар арасында араздық қарым-қатынас салдарынан болған.