​ВАДИМ БАСИН: әлеуметтік кепілдіктерді сақтаймыз

0
1 369

Бірінше кезекте, шахталарда еңбек қауіпсіздігін арттыру бағытында тиісті жұмыстар атқарылатын болады.


​ВАДИМ БАСИН: әлеуметтік кепілдіктерді сақтаймыз

«АрселорМиттал Теміртау»-дың меншік иегерінің ауысуына байланысты жұмысшылар алдындағы міндеттемелер еш өзгермейді. Еңбекақы төлемі мен әлеуметтік кепілдіктер толық сақталады. Бұл жөнінде Қарағанды облысы әкімінің экс-орынбасары Вадим Басин мәлімдеді, деп жазады 24.kz.

Оның сөзінше, бірінше кезекте, шахталарда еңбек қауіпсіздігін арттыру бағытында тиісті жұмыстар атқарылатын болады.

Вадим Басин, Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасары:

- Жұмыс жағдайы, еңбекақы мен әлеуметтік кепілдіктерде еш өзгерістер болмайды. Барлығы сақталады. Тіпті жақсара түседі десек те болады. Бұл – компанияның әлеуметтік жауапкершілігі мен ары қарай жұмыс істеуі үшін қажет дүние. Ұжымның бірде-бір мүшесі жұмыстан шығарылмайды, барлығының да құқығы сақталады.