Вакцинадан бас тартудың салдарынан СҚО-да сирек аурулар пайда болды

0
1 017

Аурудың 42 пайызы ата-аналардың вакцинадан бас тартуынан туындаған.


Вакцинадан бас тартудың салдарынан СҚО-да сирек аурулар пайда болды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында көкжөтел өршіп тұр. Емделіп біткен балалар ауруы вакцинадан бас тартқан соң қайта пайда болды. Ауруға шалдыққандардың көбі - екпе алмағандар. Аймақ бойынша 270 адам екпе алудан бас тартты деп дабыл қағады дәрігерлер, деп жазады Stan.kz.

Солтүстік Қазақстандағы көкжөтелден тіркелген жағдайдың 25-і уақытылы екпе салмаудың себебінен болған. Иммундауға қарсы көрсеткіштер кездесіп жатады, алайда аурудың 42 пайызы ата-аналардың вакцинадан бас тартуынан туындаған. Жас сәбилер үшін көкжөтел өте қауіпті. Бірақ қоғам жылдар бойы ол аурудың өлімге алып барарын естімегендіктен, ол туралы ұмытқан. Ал қауіпті екпе туралы көп айтылады. Сондай екпелердің кесірінен Петропавл қаласының тұрғыны қайғылы оқиғаға тап болған.

"Баламның кішкентай кезінде екпе салғанда, алғашында қызуы 40 градусқа дейін көтерілген. Содан кейін екпеден бас тарттым, мені соған көндірді. Баламның қызуы тағы көтерілді. Бір тәулік бойы температурасы түспегенде, іштей баламмен қоштасуға дайын едім", - дейді Петропавл тұрғыны Оксана Золтилина.

Дәрігерлердің ойынша, ғаламтор мен баспасөз құралдарында жағымсыз ақпараттың көптігінен адамдардың екпеге сенімі жоғалып, одан бас тартып жатады. Иммундаудан қашатындардың саны артқан сайын, қоғам үшін айтарлықтай қауіп төнуі мүмкін дейді медицина қызметкерлері.

"Админстрациялық аймақтың 95 пайызы екпемен қамтылуы керек. Аталған көрсеткіштің төмендеуі ауруға тез шалдығу мен сирек дерттің қалыптасуына алп келіп отыр", - дейді жұқпалы және паразитралы ауруларды эпидемиялық қадағалау бөлімінің басшысы Күлпаш Таласбаева.

Медицина қызметкерлері вакцина қауіпсіз екенін айтады. Ауруханаға келмес бұрын мұқият тексеруден өткізіледі. Күмәнді препараттарды қолданып адамдарға тәжірибе жүргізу болмайды дейді олар. Соңғы уақытта аймақта вакцинадан соң аурудың асқынуы тіркелмегенін де басып айтты.