Вице-министр президент сайлауына бөлінген 20,5 млрд теңге қайда жұмсалатынын түсіндірді

0
492

Биыл кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді.


Вице-министр президент сайлауына бөлінген 20,5 млрд теңге қайда жұмсалатынын түсіндірді

ERNUR.KZ. Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов қарашада өтетін кезектен тыс президент сайлауына бөлінген 20,5 млрд теңге қандай мақсаттарға жұмсалатынын айтты, деп жазады sputnik.kz.

Айтуынша, қазір үкімет резервінен қаражат бөлініп жатыр. Ақшаның басым бөлігі сайлау комиссиялары мүшелерінің еңбекақысына жұмсалады.
"Жергілікті жерлерде сайлау учаскелері құрылады, сайлау учаскелерінің мүшелері жұмыс істейді. Сол себепті қаржының 80%-тен астамы, яғни 16,8 млрд теңгесі жалақы төлеуге кетеді. Заңнамаға сәйкес, жалақы 3 ең төменгі айлықтан аз болмауға тиіс, бұл 180 мың теңге. Сосын бюллетендерді әзірлеу, байланыс, көлік шығындары бар, есептей келе осы 20,5 млрд теңге шығады", - деді Біржанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Вице-министр қаражаттың дені Орталық сайлау комиссиясына, ал бір бөлігі сыртқы істер министрлігіне берілетінін атап өтті.
Бұған дейін қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев үкімет Орталық сайлау комиссиясының өтінімін мақұлдағанын мәлімдеді. ОСК президент сайлауына 20,5 млрд теңге сұраған болатын.
Биыл кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді. Президентікке кандидаттар ұсыну 23 қыркүйекте басталды.