​Елімізде өлім азайған

0
1 156

2016 жылы қазақстандықтардың өмір сүру жасы 72,3 жасқа ұлғайды. Жалпы өмір сүру жасы шамамен 30%-ға өскен. Аналар мен балалар өлімі де едәкір қысқарды. Жыл сайын осы көрсеткішьердің өсіп келе жатқандығы байқалады


​Елімізде өлім азайған


Қазақстанда өмір сүру жасы ұзарды. Соңғы 10 жылда тұрғындардың орташа өмір сүру ұзақтығы 6 жасқа ұлғайған, - деп хабарлайды zakon.kz

«2018 жылы қазақстандықтардың өмір сүру жасы 72,3 жасқа ұлғайды. Жалпы, өмір сүру жасы шамамен 30%-ға өскен. Аналар мен балалар өлімі де едәуір қысқарды. Жыл сайын осы көрсеткіштердің өсіп келе жатқандығы байқалады»,-деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Лаура Ахметниязова. Сонымен қоса, туберкулез, қанайналым жүйесіндегі аурулар салдарынан болатын өлім де азайған.

Қолжетімді медицина қызметінің жағдайын жақсарту бүгінгі күннің басты мақсаты. Осы мақсатта ересектер мен балаларды тіркейтін бөлек тіркеу бөлімдерін ашу қарастырылып жатыр.