Жамбыл облысында оқушы қызды зорлаған қаскөй табылмай жатыр

0
664

Облыстық полиция кеше бөліскен бұл жайсыз хабарға қатысты оқиға үш ай бұрын орын алғаны белгілі болды.


Жамбыл облысында оқушы қызды зорлаған қаскөй табылмай жатыр

Меркі ауылынды кәмелетке толмаған қызды зорлау оқиғасына қатысты кейбір мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Облыстық полиция кеше бөліскен бұл жайсыз хабарға қатысты оқиға үш ай бұрын орын алғаны белгілі болды, ал кәмелетке толмаған қыздың жасы 12-де екен.

Сұмдық оқиға маусым айында Меркі ауданында болған. Бірақ бұл дерек жайында енді ғана айтылып жатыр. 6-сынып оқушысына 35 жастағы күдікті жәбір көрсеткен. Өзі сол оқиғадан кейін қашып кетсе,12 жастағы қыз ауруханаға түсіпті.

Күдікті - Солтүстік Қазақстан облысының тумасы. Кей мәліметтерге сүйенсек, ол жәбірленушімен интернет арқылы танысып, сеніміне кіріп, кейін жеткіншекке арам ойын жүзеге асырған. Қулығына құрық бойламаған азаматты үш айдан бері тәртіп сақшылары таба алмай жатыр