Жапония Қазақстанның 10 ірі шетелдік инвесторы қатарына кіреді

0
1 454

Жапонияның жаңа Елшісі Дзюн Ямада сәуір айының соңында Қазақстанға келеді.


Жапония Қазақстанның 10 ірі шетелдік инвесторы қатарына кіреді

ERNUR.KZ. Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Жапония Елшісі Тацухико Касаимен оның дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай кездесу өткізді, деп жазады ҚазАқпарат.

М.Тілеуберді екі ел арасындағы саяси диалогтың, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық байланыстардың үдемелі дамуын қанағаттанушылықпен атап өтті. Министр жапон тарапына COVID-19 коронавирусымен күресте көрсеткен көмегі үшін ризашылығын білдірді. Ол Қазақстан мен Жапонияның экономикалық ынтымақтастық жөніндегі жеке секторлары және үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысын жақын арада өткізудің маңыздылығын атап өтті.




«Жапония 7 млрд АҚШ долларынан астам сомаға салымдардың жалпы көлемі бар Қазақстанның 10 ірі шетелдік инвесторының қатарына кіреді», - делінген ҚР Сыртқы істер министрлігі мәліметінде.

Айта кетейік, жақында Елші Тацухико Касаи өзінің дипломатиялық миссиясы аяқталып келе жатқанын және Жапонияға оралатынын жариялады.

Өз мәлімдемесінде Елші биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы екендігін айта келе, 1991 жылдан бастап ел халқы мемлекетті нығайту жолында еңбек еткенін атап өтті.

«Осы 30 жылда Жапония халықаралық қоғамдастықпен бірлесе Қазақстанның гүлденуін қолдап келді және қолдай береді. Бұл бағытта Қазақстан елеулі жетістіктерге қол жеткізді», - деп жазды Тацухико Касаи.

Сонымен қатар ол Қазақстан мен Жапония құндылықтар бойынша ортақ көзқарасқа ие екенін және ілгерілеу жолында бірлесе елеулі серпіліс жасай алатындығын сөз етті.

«Мен алдағы уақытта да екі ел арасындағы қатынастардың, достықтың әрі ынтымақтастықтың дамуына өзімнің күш-жігерімді салатын боламын», - деді ол.

Оның айтуынша, Жапонияның жаңа Елшісі Дзюн Ямада сәуір айының соңында Қазақстанға келеді.