Жарнамаға сенген: Заңгер "Гарант 24" ұйымының арбауына түскендерге блогерлер мен әртістерді сотқа беруге шақырды

0
939

Қаржы пирамидасын жарнамалағаны үшін әкімшілік жаза қарастырылған.


Жарнамаға сенген: Заңгер

ERNUR.KZ. Елімізде қаржы пирамидаларының ұйымдастырушыларын жауапқа тартуды күшейту мақсатында 2012 жылы қылмыстық кодекске және әкімшілік кодекске өзгертулер енгізілген. Яғни қаржы пирамидасын жарнамалағандар да жауапкершіліктен құтылмайды деп көрсетіліпті. Оларға 150 АЕК көлемінде айыппұл салынады делінген, деп жазады stan.kz.

"Қаржы пирамидасын жарнамалағаны үшін әкімшілік жаза қарастырылған. Тергеу барысында осыны видеоға түсіріп, елге таратқандардың барлығы анықталады. Айыппұл салынады", - деді ҚР ІІМ Тергеу департаментінің басқарма бастығы Нұридин Дауылбеков.

"Кейбір заңгерлер қаржы пирамидасын жарнамалаған блогерлер жауапкершілікке тартылсын деп айтуда, тағы біреулері жарнама мазмұны үшін блогерлер жауап бермейтіндігін алға тартуда. Менің ойым басқа. Жәбірленушілер әртістерге сеніп, ломбардқа ақша салдық деп жарнама жасағандарға қарсы арыз жазуларына болады. Бұған қоса полиция өкілдері блогерлерді жазасыз қалмайды деп айтып кетті. Қазір олар осы бағытта жұмыстарын бастап кеткен. Алдағы уақытта ұқсас жағдайлар қайталанбайды деген үміттеміз", - дейді заңгер Жангелді Сүлейманов.

Қаржы мамандары аталған жайтты қаржы сауаттылығының болмауынан деп түсіндірді. Айтуларынша, ломбардтық ұйымның заң жүзінде инвестицияға қаражат алуы болмайды. Ломбард кепілдікке затты алуы арқылы сізге қаражат береді. Ол ақшаны уақыты келе үстемдік пайызбенен сіз кері қайтарып, затыңызды алуыңыз керексіз. Ал "Гарант 24" инвестиция ретінде өздеріне қаржы алып отыр. Оның өзі жарнамалаған кезде күдік туғызуы керек еді дейді олар.