Жат ағым өкілдері ақтаулық азаматтың пәтерін иемденіп алмақ болған

0
469

​Ұйымдасқан топ үш бөлмелі пәтерді еркінен тыс өз аттарына рәсімдеп, зардап шеккен азаматқа 20 миллион теңге шығын келтірген.


Жат ағым өкілдері ақтаулық азаматтың пәтерін иемденіп алмақ болған

ERNUR.KZ. Ақтауда деструктивті ағым өкілдері ақша бопсалап, бөтеннің пәтерін иемденіп алмақ болған. Олар алдын ала келісіммен топ болып жұмыс істеген, деп жазады stan.kz.

Ұйымдасқан топ үш бөлмелі пәтерді еркінен тыс өз аттарына рәсімдеп, зардап шеккен азаматқа 20 миллион теңге шығын келтірген.

"Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 194-бабы, 3-бөлігі "Бопсалау" бойынша тіркелді. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде төрт күдікті ұсталды", – делінген хабарламада.

Олардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалған.