Жазушы Әбіш Кекілбайұлының әйелі қайтыс болды

0
905

Клара Жұмабайқызы 1941 жылы туған.


Жазушы Әбіш Кекілбайұлының әйелі қайтыс болды

Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының әйелі Клара Жұмабайқызы көз жұмды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қаралы хабарды қоғам белсендісі Оңайгүл Тұржан Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жеткізді.


"Әбіш Кекілбайұлының зайыбы Клара апа Жұмабайқызы өмірден өтті. Алдыңғы күні ғана сөйлескенімде "ауруханада жатырмын, қызуым түсті, жақсымын" деген. Дауысы да ширақ еді. Жақсы болмады. Ауруханада ем дұрыс емес пе, не болып кетті өзі?", - деп жазған Оңайгүл Тұржан.



Айта кетейік, Клара Жұмабайқызы 1941 жылы туған. Жазушы Әбіш Кекілбайұлы екеуі жарты ғасырдан аса уақыт бойы бір шаңырақ астында тату-тәтті тұрмыс кешіп, төрт бала тәрбиелеген.

Әбіш Кекілбайұлы 2015 жылдың 11 желтоқсанында дүниеден өтті.