Жетісу облысында жол апатынан бес адам көз жұмды

0
341

Қазір алты адам аудандық ауруханаға жатқызылды, оның бесеуі жансақтау бөлімінде.


Жетісу облысында жол апатынан бес адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Алматы – Өскемен тас жолының 187 шақырымында бес көлік соқтығысты, деп жазады sputnik.kz.

Ведомствоның мәліметінше, жол апаты 26 қараша күні кешке Көксу ауданында болған. Volvo жүк көлігі мен Lexus 570, Nissan Cefiro, Toyota Camry және Volkswagen Passat көліктері соқтығысты.
"Оқиға орнында 4 адам қаза тапты. Сондай-ақ жарақат алған бірнеше адам медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Кейінірек дәрігерлер ауруханаға жатқызу кезінде тағы бір адамның қайтыс болғанын хабарлады. Ол оқиға орнынан Сарыөзек ауылындағы ауруханаға жеткізілмек болған 7 жасар бала болып шықты.
"Қазір алты адам аудандық ауруханаға жатқызылды, оның бесеуі жансақтау бөлімінде. Жеңілдеу жарақат алған үш науқас амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді. Науқастардың барлығының сүйегі сынған, көп жарақат алған", - деп хабарлады Жетісу облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова.
Жол апаты дерегі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды.