Жігіттердің мереке қарсаңындағы «қулықтары» белгілі болды

0
1 353

Көп жігіттердің 8 наурыз жақындағанда қыздардан «құтылып кету» үшін қолданатын қулықтары белгілі болды.


Жігіттердің мереке қарсаңындағы «қулықтары» белгілі болды

Көп жігіттердің 8 наурыз жақындағанда қыздардан «құтылып кету» үшін қолданатын қулықтары белгілі болды.

Бұл күн бойжеткендер үшін ерекше мейрам болса да, біраз жігіттер үшін бас ауыртар «бәле». Себебі артық шығын, дейді Reactor.

Айдың-күннің аманында өз-өздерін зорға асырап жүрген жігіттер үшін көңіл жарастырып жүрген қалыңдығына сыйлық алуға ақша табулары мұң. Мұндайда бұл жігіттердің қолданатын біраз сылтау-себептері бар. Сонымен ол қандай қулықтар екен? Тарқаталық

1. Ауылы қалаға жақын болса, қалыңдығына демалыста үйге барып көмектесем деп, ауылға кетіп қалатындар. Ондайлар бірнеше күн демалыс өткенде бір-ақ оралып, мерекені аузына да алмайды. Өтті, кетті. Сыйлықты сұрауға қыз да батпайды.

2. Мереке жақындағанда әдейі ұрысып қалатын жігіттер. Мейрамда немесе қыздың туған күні жақындағанда болмашыдан шу шығарып, болмашыға ренжіп қалып, мереке өткенше хабарсыз кетуді көп жігіт тәжірибеде жиі қолданады екен.

3. Өтірік жол жүріп кететіндер. Жұмыстағы «басекелер» мен «ағалардың» ерекше өтініші бойынша көмекке барады. Себебі, басшылар мен ағалардың көзі түскендіктен сондай өз шаруаларына қажет болып қалыпты. Қызына айтатыны "қажетіне жарап, жұмысын тындырып беруім керек". Шын мәнінде моншада ма, үйінде ме қайда жатқаны Құдайға аян.

4. Өтірік ауырып қалатын да ерлер бар. Ол мереке қарсаңында қалыңдығына телефон шалып, телефонның арғы жағынан мұрнын жиі тартып, ауырып қалған сыңай білдіреді. Ең өтімдісі де осы тәсіл негізі.

5.Көлігінің сынып қалуы немесе апатқа ұшырау сынды қауіпті өтірік айтатындар да табылады. Көлігі бар жігіттердің айтатын бірден бір сылтауы «Аварияға ұшырадым, көлігімді автотұраққа қойып тастады немесе МАИ ұстап алды немесе көлігім қатты бұзылып қалып, соны неше күн жөндеумен әуре болдым. Қолым тимеді». Болды осымен, мереке де өтеді, әңгіме де тәмам.

Ал, қыздар, сабазыңыздан осындай сылтауларды естісеңіз, жүрегіңізді жараласа да ол жігітті қоя берген жөн-ау. Не болса да әліптің артын бағып көріңіз. Мүмкін сіз үшін сыйлықта тұрған ештеңе де жоқ шығар?

Дереккөз: Reactor