Өзбекстан ТЖ министрінің орынбасары Жамбыл облысындағы әріптестеріне алғыс айтты.
ERNUR.KZ. "Алматы-Ташкент" автожолында жол апатынан зардап шеккен Өзбекстан азаматтары Қазақстан шекарасынан аман-есен өтті, деп жазады inbusiness.kz.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл 14 мамырда түнгі сағат 02:00-де Өзбекстан ТЖ министрінің орынбасары Азизбек Латифжонов бастаған жедел топ Жамбыл облысы Жуалы ауданынан 8 жедел жәрдем көлігі және бір "Ванхолл"маркалы жолаушылар автобусымен Өзбекстанға жіберілд
"Көліктерде 13 зардап шеккен адам бар. Оның ішінде уақытша орналастыру пунктіндегі 7 адам, жол апатынан қаза тапқан 2 адамның мәйіті де бар", - деп жазылған хабарламада.
Өзбекстан ТЖ министрінің орынбасары Жамбыл облысындағы әріптестеріне алғыс айтты. Таңғы сағат 07:15-те колонна Қазақстан шекарасынан өтті.
Сондай-ақ 1980 және 1965 жылдары туған Өзбекстанның екі азаматы Жуалы ауданы ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.
Айта кетейік, 2022 жылғы 12 мамырда сағат 15:46-да Жамбыл облысы Жуалы ауданында "Алматы-Ташкент" автожолының 571 шақырымында жол апаты болған. Салдарынан 2 адам қаза тауып, 16 адам түрлі дене жарақатымен Жуалы ауданындағы орталық аудандық ауруханасына жатқызылды. Автобуста барлығы