Жолаушылар оқиға орнында қаза тапты: Павлодар облысында жол-көлік оқиғасы болды

0
575

Екі жүргізуші ауруханаға жеткізілді.


Жолаушылар оқиға орнында қаза тапты: Павлодар облысында жол-көлік оқиғасы болды

ERNUR.KZ. Павлодар облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан үш жолаушы қаза тауып, екі жүргізуші жарақат алды, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

“7 қазанда сағат 22.00-де Ақсу өңірінің Сырлықала ауылының жанындағы Ленинский-Курчатов автожолының 55-шақырымында 40 жастағы Нива көлігінің жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын қамтамасыз етпей, жолдың оң жағында ілеспе бағытта тұрған КамАЗ 5320 автомашинасының тіркемесімен соқтығысқан", - деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Жол апаты салдарынан Нива көлігінің үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Екі жүргізуші ауруханаға жеткізілді.