«Адамдар балшыққа батып жатыр»: Жасұлан Базарбаев Оралдың жолдарынан шошығанын айтты

0
1 477

«20 ғасырда қалып қалған жолын көріп ішім күйіп кетті»


«Адамдар балшыққа батып жатыр»: Жасұлан Базарбаев Оралдың жолдарынан шошығанын айтты

«Диета KZ» тобының әншісі, белгілі продюсер Жасұлан Базарбаев жақында ән сапармен Орал облысын аралап қайтыпты. Сондағы жолдарды көрген әншінің көңілі түсіп қайтыпты.


Деп жазған әнші Мемлекет басшысынан бастап, барлық оралдық өнер адамдарын тегтеді. Сонымен бірге «Бұл постты алып таста деген өтініш қабылданбайды» деп сөзін қорытты.

Өнер иесінің сөзін әріптестері де қолдады. Әнші Жеңіс Ысқақова: «Еее, айтылып жатыр ғой, еститін құлақ жоқ. Алматы мен Астананың жолы 30 жылда жөнделмегесін басқа жолдар осындай болмай қайтеді?! Баспанасыз жүрген жетім- жесірлерге әртістер тыңдарманымен ақша жинап үй алып береді, Ауру балалар мен мүгедектерге де сол баяғы ақша жинау. Енді халық болып өзіміз жолымызды салайық» - деген пікірін қосты.

«Заман тобының әншісі Әсет Қарабалин де «Айтатыны жоқ, жолды қарау керек» деді.

Желідегілер де «Сұмдық», «Өзекті мәселе, ауылдан қалаға қатынайтын халыққа қиын. Талай рет осындай балшықтың кесірінен малшылар үйіне жете алмай, далада қонып жүр», «Сіз енді көрдіңіз бұл жағдайды. Бұның бәрін ақын қызымыз Жансая, орақ тілді Нартай Аралбай, «Назар Аудар» театры бәрі уақытында жырлап айтып тастаған. Тек енді естейтін ҚҰЛӘҚ КЕРЕК!!!» деп жазды.