«Әке-шешесін тастап кетіп, зейнетақысын қалай жейді екен?!» : Сәкен Майғазиев туған күнін қарттар үйінде тойлады

0
1 536

«Жүрегім ауырды»


«Әке-шешесін тастап кетіп, зейнетақысын қалай жейді екен?!» : Сәкен Майғазиев туған күнін қарттар үйінде тойлады

1 қаңтар – танымал әнші, «МузАрт» тобының белді мүшесі Сәкен Майғазиевтің туған күні. Сәкен мырза бұл жолғы туған күнін ерекше атап өтті. Ол қарттар үйіндегі қарияларға барып, әнін айтып, сыр шертісіп тойлады.



Желідегілер «Ата ана адамзаттың осы өмірдегі жұмағы. Мына көріністер өте ауыр», «Шіркін әкесі, анасы бар адамдар ең бақытты адамдар екенін түсіне алмағандар», «Егер тірі болсаңдар әлі де болса кеш емес, ата-аналарыңды қаттар үйінен алып кетіңдер!», «Қазақ аналарымыз да отыр жандарым! Жүрегім ауырып кетті», «Кимешек киген әженің балалары қалай апарды екен, тақия киген атаны қай балдары апарды екен?! Алла сақтасын!», «Қайран асқар тау әкелерім, ақ жаулықты аналарым», «Имани, саналы, көркем мінезді құрметті Сәкен аға, туған күніңізде қарт ата әжелерімізден айналайын балам деп сізге берген құнды қасиетті ақ батаға қол жеткізген сәтіңіз өміршең қоршаған әлеміңізге берекелі молшылық әкелсін!» деген сияқты пікірлерімен бөлісуде.


Айта кетсек, Сәкен Майғазиев мерекенің алдында ата-анасыз өсіп жатқан балалар мен ерекше туылған балаларды жаңа жылмен құттықтап, өзі иелік ететін «Сәфи-Шәй» сауда белгісімен балаларға базарлық жасап, көңілін көтеріп қайтқан болатын.