"АЛЛАДАН БЕЗГЕНДЕРДІ ТАЙРАҢДАТЫП ҚОЮ КЕРЕК ПЕ?": Алтынай Жорабаева әріптестеріне ашынды

0
4 348

"АЛЛАДАН ҚОРЫҚПАҒАНДАР. ЕҢ СОҢҒЫ ЕКІ ФОТОДАҒЫ ТІПТІ СҰМДЫҚ"...


Танымал әнші Алтынай Жорабаева әріптестері мен журналистерді феминистерге қарсы бірігуге шақырып, әлеуметтік желіде жазба жариялады.

"Негізі феминисттердің мақсаты, ЛГБТК-ны ( лесбианка, гей, бисексуал, яғни еркекпен де ,әйелмен де жыныстық қатынаста болу, трансгейдер, квир) заңдастыру. Жанталасып өліп бара жатыр ғой! Біраз депутат ханымдар қолдап отыр. АЛЛАДАН ҚОРЫҚПАҒАНДАР. ЕҢ СОҢҒЫ ЕКІ ФОТОДАҒЫ ТІПТІ СҰМДЫҚ. Осыларды тайраңдатып қойып,қарап отыру керекпіз бе? Намыс қайда? Еліміздің беделі НЕ БОЛМАҚ? Өтіріктен ,зорлық-зомбылықты сылтау етіп жүргендер бұлар. Гендерлік теңдік керек деп қояды. Біздің ата-бабамыздан келе жатқан ұстаным- кез келген мәселені әйелімен ақылдасып, әйелінің ойын тыңдап, одан тағы өзі саралап болып, шешім қабылдаған ! Қазір де солай. МЕН ДЕ ҚАРСЫМЫН ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ! Қайдағы маскүнем, әйелін сыйламайтын , ары кетсе 10% екі аяқты хайуан еркектер үшін, көпке топырақ шашудың қажеті жоқ! ОЛ ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКС БАР! ТАҒЫ ДА ҚАЙТАЛАЙМЫН , ФЕМИНИСТТЕРДІҢ ШАШБАУЫН КӨТЕРУДІҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ! ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР! ХАЛҚЫМ ДЕП ЖҮРГЕН АЙНАЛЫП КЕТЕЙІН ӨНЕР АДАМДАРЫ! АЙНАЛЫП КЕТЕЙІН БЛОГЕРЛЕР! АЙНАЛЫП КЕТЕЙІН ЖУРНАЛИСТТЕР! ҚАШАНҒЫ КӨЗ ЖҰМЫП ОТЫРАМЫЗ ? ТҮСІНЕМІН, ПАРАҚШАЛАРЫҢЫЗҒА НЕГАТИВ САЛҒЫЛАРЫҢЫЗ КЕЛМЕЙДІ. БІРАҚ ЕЛІМІЗ ҮШІН ОСЫ АЛЛАДАН БЕЗГЕНДЕРДІ ТАЙРАҢДАТЫП ҚОЮ КЕРЕК ПЕ? ДАБЫЛ ҚАҒАТЫН УАҚЫТ КЕЛДІ ҒОЙ! ҚҰДАЙ САҚТАСЫН ДЕП ҚАНА АЙТҚАННАН ЕШТЕҢЕ ШЫҚПАЙДЫ ! КЕШ ҚАЛЫП,САН СОҒЫП ҚАЛМАЙЫҚ!" -деген әнші танымал өнер адамдарының біразын тектеген.


Дегенмен әнші бұл жазбасын бірнеше сағаттан кейін желіден өшіріп тастаған. Оның себебін де жазбапты. Бірақ өзге әріптестері оны қолдауды бастаған сияқты.

Ал, оқырман, сіздің бұған деген ойыңыз қандай?