Жайдарманда жұлдызы жанған, "Тек қана қыздар" командасының капитаны Мереке күні кеше өз еліне ұзатылды.
Жайдарманда жұлдызы жанған, "Тек қана қыздар" командасының капитаны Мереке күні кеше өз еліне ұзатылды.
Қазір КТА ойындарында өнер көрсетіп жүрген Мерекенің өзінен кіші, Арсен есімді жігітпен көңіл жарастырып жүргенін көпшілік білетін. Кеше Қызылорданың жігіті Мерекеге сырға салып еліне алып кетті. Көптен күткен той Шымкент қаласында болған. Оған Мерекенің туыстарымен, өнердегі достары жиналды.
Жайдарманда тапқырлығымен танылған қыз өзінің тойына келе алмай қалғандарға да арнайы жазба арнауды да ұмытпады.
merekusha: "Байқағаным менің тойымның күні БАРЛЫҚ СЫЛТАУҒА ыңғайлы күн екен)
Оввшымм кімнің саған кім екенін, сен оларға кім екеніңді білгің келсе ТОЙ жаса деу керек екен ғой.
Мен сіздер үшін кім екенімді примерно білдірдіңіздер, сіздер де біле жүріңіздер АЛТЫННАН ДА ҚЫМБАТ ДОСТАРЫМСЫЗДАР!
Мен ҚЫЗБАЛА болып ДОСТЫҚТЫ соңына дейін бағалап өтемін сіздердің орындарыңызға" деп бір түйреп өткен Мерекені желі қолданушылары қолдап, бақытқа лайық қыз екенін жарыса жазуда.
Фото: @merekusha
ERNUR.KZ