Танымалдылықтың дәмін татқан Байбазаров Диана Шараповаға тек бір талабы орындалғанда ғана, бірге жұмыс істеуге дайын екенін жеткізген.
ERNUR.KZ. «Голос Украина» музыкалық шоуынан кейін танылған Ерлан Байбазаровты Диана Шарапова сотқа бермек. Әнші жары Роман Мироновпен Ерланға продюсерлік еткен. Продюсерлер 700 мыңға жуық қаражат жұмсап, шоуға арналған концерттік бағдарламасына дейін әзірлеп береді. Алайда, танымалдылыққа ие болған соң, Байбазаров продюсерлерінің еңбегін мойындамақ түгілі, олармен жұмыс істеуден бас тартқан. Бұл туралы НТК арнасындағы "Ревю" бағдарламасында айтылды.
- Ол ең алғаш келген кезде мен Диана Шарапова сынды болғым келеді деді. Мен алдын ала ескерттім, шоу-бизнесте жүру оңай емес екенін, бәрі өз уақытысымен деп. Ол барлығына келісті, - шоумен Роман Миронов.
Кейіннен Ерлан Диананың вокал студиясына мұғалімдік қызметке қабылданады. Тіпті жұлдызды отбасы Байбазаровтың өнердегі бағын ашу үшін талай конкурстың есігін қағып, ақыр соңы «Голос Украина» байқауына қатыстырады.
-Мен жәй шығып ән айтқан жоқпын. Мен домбырамен шықтым, Украин елінде домбыраны жақсы қарсы алды. Бізде әр үйде ілініп тұрады ғой. Сол домбыраның арқасы деп ойлаймын, - деді музыкант Ерлан Байбазаров.
«Шоуға домбырамен шығу да, менің идеям еді», - дейді Диана.
-Ерлан сен мені қолданып кеттің. Бүкіл тәжірбиемді пайдаланып, мені танымай кеттің!, - деп ашынады әнші Диана Шарапова.
Танымалдылықтың дәмін татқан Байбазаров Диана Шараповаға тек бір талабы орындалғанда ғана, бірге жұмыс істеуге дайын екенін жеткізген.
- Ол өзінің жұбайымен бізге келді. «Бұдан-былай менің жалақым сұранысқа сай айына 400 мың теңге болады» - деген талап қойды. Шынымды айтсам, ондай сомманы офисымыздың жалға алуына да төлемейді екенмін, - шоумен Роман Миронов.
Бүгінде бар дәлелі мен құжаттарын қолға алған Диана Шарапова мен Роман Миронов жұмсалған қаржысын кері қайтару үшін Ерланды сотқа бермек. Ал, Байбазаровтың өзіне хабарласқанымызда жұбайы Елена қандай да пікір білдіруден бас тартатындарын жеткізді.