"Кеңкелес адам құсап, бiр тойға қарап қалған жоқ күнiм": Нұрболхан Шарапов тағы кіммен сөзге келіп жүр?

0
4 469

"Көрем сол тойды айырған тамаданы".


Үнемі шулы оқиғалардың ортасында жүретін әзілкеш Нұрболхан Шарапов тағы біреумен сөзге келіп қалды.

Бірақ, бұл жолы бәрі әзіл. Жақында шаңырақ көтерген Жахан Утаргалиевпен бірлесе вайн түсірген әзілкеш оның тойын жүргізуге ұсыныс айтады. Бірақ Жаханның келіншегі Балжан Бидаш оның жүргізгенін қаламайтынын айтады. Осы оқиғаны әзілге айналдырған олар видео түсіріп желіге жариялаған.

Видеоны жүктеген Нұрболхан "Құрсыншы, жалынбаймын да, Жахан. Кеңкелес адам құсап, бiр тойға қарап қалған жоқ күнiм. Анау, Балжан басын айналдырып алған ғо, жүргiзбесiн деп. Көрем сол тойды айырған тамаданы" деп жазба да жариялапты.

Мұны көрген оқырмандары күлкіге қарық болып, түрлі пікірдерді жаңбырша жаудыруда. Олар "Жүрісіңіздің өзі кино ғой сіздің", "Ой, Құдай! Нұрболхан кім жүргізсе де саған жетіп жүргізетін адам жоқ!", "Сіз жүргізе беріңізші құрсын! Кім айтып жатыр десе, халық айтып жатыр деңіз" деген пікірлер жазған.