​«Махаббатымның бәйбішесі, оригиналымсың!»: Әбдіжаппар Әлқожа әйеліне көлік сыйлады

0
2 302

«Әулетке сіңу деген осындай болады»


​«Махаббатымның бәйбішесі, оригиналымсың!»: Әбдіжаппар Әлқожа әйеліне көлік сыйлады


Әнші Әбдіжаппар Әлқожа келіншегін туған күнімен құттықтап, оған «KIA» маркалы автокөлік сыйлады.


«Махаббатымның бәйбішесі, туған күнің құтты болсын! Үйленгенімізге 9 жыл болса, сол 9 жылда сені бір де бір мәрте дұрыс құттықтап, қасыңда болмаппын. Осы жылы барынша қуантуға тырыстым. Мика, сен менің жан дүниеме керексің, Оригиналым! 4 сағатта ұйымдастырған осы кеште әрқашан қолдайтын алтын достарыма алғысым шексіз. Сіз де тілекші болып қойыңыз, ағайын. Жақсылықта жүрейік. Жұғысты болсын!» деп жазды Әбдіжаппар Әлқожа.


Әншінің жарын құттықтауға Нұрболат Абдуллин бастаған әншілер, блогерлер, достары келді. Сондай-ақ Әбдіжаппардың әпкесі Роза Әлқожа әлеуметтік желіде келінін құттықтап, ерекше жазба қалдырды. «Мика, туған күніңмен! Азаматты сүйіп, ұрпағын көбейтіп, әулетке сіңу деген осындай болады. Өтеуі – күтпеген қуаныш, бауыр басу, сол елдің адамына айналу! Кезінде қорқақтап басып, именіп енген шаңырағыңның бүгін айтулы келінісің. Бағың баянды, барың бағалы, күнің мағыналы болсын! Менің бауырларымның бақытын бірге көріңдер!» деді Роза Әлқожа.