​«Марқұм енесінен аумай қалыпты»: Абай Бегей жас келінін көпшілікке көрсетті

0
18 498

«Миллиондаған арудың арасынан таңдап алған»


​«Марқұм енесінен аумай қалыпты»: Абай Бегей жас келінін көпшілікке көрсетті


Әнші Абай Бегей «Инстаграмдағы» оқырмандарынан сүйінші сұрады.


«Қазақ елі, сүйінші! Ұлымның жаңалығымен бөлісіп қояйын. Алда отбасымызда ұлан-асыр той. Ұлым үлкен өмірге қадам басып жатыр. Бұйырса тума-туыс, дос-жаран, барлық жақындарымызды тойда күтеміз», - деп жазды ол.


Абай Бегейдің ұлының таңдауы 20 жастағы Бадинұр есімді аруға түскен. Шымкенттің тумасы, кіші жүздің Тама руынан екен.


«Дәл қазір көзіме жас келіп тұр. Осы сәтті, шыны керек, отбасымызбен қатты күттік. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де, Алланың құдіреті шексіз. Себебі сонша миллиондаған арулардың арасынан анамнан аумай қалған хас сұлуды таңдапты. Тіпті көргенде өз көзіме сенбей, тек жылай беріппін...» - деді Абайдың үлкен қызы Ерке Ниязқұлова.


Абайдың оқырмандары қуанышты жаңалыққа жылы лебіздерін білдірді. «Келіннің аяғы құт болсын! Жастар өсіп-өнсін», «Марқұм әйеліңізден аумайды екен», «Расында да енесінің топырағынан жаралған келін екен, Жалғастың анасын көргендей болдық», «Не деген ұқсастық, енесінің копиясы ғой мынау» деп пікір білдірді көпшілік.