«Наркенжені концерттерге қатыстырмай, телеарналар түсірмей қойған»

0
1 110

«Бұрын концертіне қатыстырмайтын кейбір кісілер қазір басқаша».


«Наркенжені концерттерге қатыстырмай, телеарналар түсірмей қойған»

Әншінің продюсері Жасұлан Базарбаев желіде оқырмандарына ақтарылып, Наркенже Серікбаеваның танымал болуы үшін біраз тер төккенін айтты.

Jbazarbaev: «2019 жылдың басында @narkenjeserikbaevaмен жұмыс бастадым, яғни, мен продюсер, ол – менің жобам. Содан ниеттеніп 2019-дың соңына концерт берем деп шештім, оны Наркенже сұхбатқа барғанда айтып қойған. Сосын әлгі сұхбат алып отырған қыз, «сөзі мен ісі тура келеді ме кен Жасұланның?!» деген сөзбен аяқтады сұхбатты. Сол-ақ екен естіп алып жеңді түріп жіберіп, кірістім. Сол сұхбат концерттің өтуіне Наркенжемен кірісіп жұмыс істеуге намысымды оятып жіберді. Араға 7 ай салып Алматы қаласында "Ақ қанат арман" деген Наркенженің концертін өткіздім. Кешті бір ауыз сөзімді жерге тастамай @bekzhan_turys ағам жүргізіп, кеш қонағы болып @zhunusova.makpal апам келіп берді. Кешті түсіру үшін неше телеарнаға бардым бәрі «жоқ, біз түсіре алмаймыз, ол әлі танымал емес”деп әбден қанды ішіп жіберді, сонда бір каналдың басшысына айттым, «жарайды түсірме, бірақ кейін бізге түсірілімге келсінші деп жалынасың, көр де тұр» деп кеткем ашумен. Сол кісі былтыр хабарласып тұр ғой, “кім қой бармайды» деп менде қырсыға салдым, себебі сондай нәрсенің арқасында талай талант көрінбей қалып жатыр. Қазір Аллаға сансыз шүкір. Наркенжемді бүткіл ел болмаса да біраз ел таниды. Бұрын концертіне қатыстырмайтын кейбір кісілер қазір басқаша. Осы шаққа жету үшін аз еңбек етілген жоқ. ЕҢБЕК БӘРІН ЖЕҢБЕК», - деп жазды.

Танымал продюсер бұл жазбасын әнші Наркенженің туған күніне орай жариялаған болатын. Әншінің туған күніне көптеген өнер адамдары келіп, құттықтауын арнады. Алдыңғы буын әншілерден Мақпал Жүнісова сынды жұлдыздар келіп, әнін салып кеткенін желідегі видеолардан көруге болады.