Махаббат Мүсілім күйеуіне арнап, әлеуметтік желіде әсерлі тілек жазды.
Махаббат Мүсілім өзінің ерекше әсерлі құттықтауын әлеуметтік желіде жариялады. Ол тілегінде өзінің жарына бақыт тілеп, қай кезде де қасынан табылатынын жеткізген.
"Жаным!
Туған күніңмен шын жүректен құттықтаймын! Аллаһ қаласа, биік-белестерді бағындырып, алға қойған мақсаттарыңа, аңсаған армандарыңа жететініңе сенімдемін! Мен әрдайым сенің қасында қолдаушынмын!
Ең бастысы денсаулығың мықты болсын, бақытымыз баянды, әрбір күніміз қуаныш пен шат күлкіге толы болсын!
Отбасымыз аман болып, татулығымыз бен берекеміз мықты болсын! Әрқашан сенімен біргеміз! Мен сені шексіз сүйемін!" деп жазған өз жазбасында.
Желі қолданушылары екі жасқа бақыт тілеп, тілектерін жазып, құттықтауға қосылатындарын жеткізген. Оқырмандар "Жарайсыздар, бақытты болыңыздар!", "Ғұмырлы болсын!, "Керемет жұпсыздар" деп жарыса жазды.