«Соңында қасыңда тек анаң қалады»: Қайрат Нұртастың тілегі Гүлзира Айдарбекованы жылатты

0
1 234

«Қаншама қиыншылықта қасымда болдыңыз»


«Соңында қасыңда тек анаң қалады»: Қайрат Нұртастың тілегі Гүлзира Айдарбекованы жылатты

Қазақстанның шоу бизнесіндегі атақты продюсер, хитмен әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова жаңа жасын қарсы алды. Қашанда ел алдында жүретін жұлдызды отанасының туған күні өз отбасы мен бауырлары, жақын туыс, достарының, Моңғолиядан келген қонақтарының арасында өтті.

Продюсерді балалары мен келіндері тосын сый жасап қуантты. Әсіресе, ұлы Қайрат Нұртастың: «Тура жолды көрсетіп, өсірді. Қаншама қиыншылықта қасымда болдыңыз. Менің түсінгенім, қандай жағдай болса да, соңында қасыңда тек анаң қалады. Анажан, мен сізді қатты жақсы көремін. Істеген қателіктерім, ренжіткен кездерім болса кешірім сұраймын. Жаным ана, сіз менің жәннатымсыз. Сіз енді тек бақытты өмір сүруге лайықтысыз! Ұзақ ғұмыр сүріңіз!» деген тілегі анасының көзіне жас алдырды.



Үлкен келіні Жұлдыз Әбдікәрімова да ерекше құттықтауын арнады.


Желідегі оқырмандар да Гүлзира ханымды ақ жарылып құттықтап жатыр.