Танымал блогер: "Оқу жылы тағы ақша жинаумен шаршатты..."

0
7 248

Танымал блогер Айна Досқызы 4 сынып оқушыларының мұғаліміне ата-аналардың гауһар тасы бар әшекей сыйлағынын айтты. Оқу жылының соңын қорытындылаған блогер мектептегі соңғы қоңырауға қатыспағандарын, оның себебін екі тілде өтетін жиынға наразылығы екенін айтып, өткен жылға сараптама да жасап төмендегідей жазба жариялаған.


Танымал блогер:

Танымал блогер Айна Досмахамбетқызы 4 сынып оқушыларының мұғаліміне ата-аналардың гауһар тасы бар әшекей сыйлағынын айтты.

Оқу жылының соңын қорытындылаған блогер мектептегі соңғы қоңырауға қатыспағандарын, оның себебін екі тілде өтетін жиынға наразылығы екенін айтып, өткен жылға сараптама да жасап төмендегідей жазба жариялаған.

@aina_doskyzy: Уф! Оқу жылы бітті. Биыл балалар соңғы қоңырауға қатысқан жоқ, сондықтан былтырғы сурет неге қатысқан жоқ? Себебі соңғы және алғашқы қоңыраудағы екі тілде өтетін линейкаға наразылығым тууда. Бейшара балалар екі сағат бойы күннің астында мән-мағынасыз құрғақ статистика тыңдап тұрады біздің мектеп әйтеуір сондай...

Оқу жылы тағы ақша жинаумен шаршатты. Сонда сұрайтын мұғалімдер емес (сұрағанды қойды ғой, намек тастамаса), Өздері ақша жинай беретін ата-аналар!
  • Тоқсан сайын кабинетке уборкаға 300 тенге сұрай берді. Ұлымның да, қызымның да сыныбы. Немесе өздерің келіп жуыңдар дейді. "Неге сыныптың уборкасын мектеп жасамайды? Теxничкага бюджет бар ғой" десем, "ой, білмейміз, жылда жинаймыз ғой" деген жауап естимін. Сонда, жылда дұрыс емес нәрсе істеп жүргендерін білмейді ме? Ремонт, уборка, бор, тряпка, маркер - оның бәрін мектеп өзі қамтамасыз ету керек. Оған қаражат қарастырылған.
  • 4 сынып бітірген балалардың ата-анасы апайларына 100 мың теңгеге гауһар тасы бар набор алып берді. 4 сынып, Карл! 11 сыныпта не болады? Пәтер алып беретін шығар.
  • 8 Наурыз бен 7 Мамыр бөлек әңгіме. Оған ақша тапсырасың ғой. Бірақ бір дені дұрыс нәрсе алынса ше.
  • Анада қызым арқылы бір арыз беріп жіберіпті. Орыс тілінде. Қол қоймай қайтарып жібердім. Қазақшасын беріп жіберсін деп. Менен басқа 30 ата-ана қол қойыпты. бұдан кейін қазақ тілдің жанашырлары екеніне сенбеймін. Мен орыс тілді құжаттарға мүледем қол қоймаймын.
  • Мектепте ремонт болып жатқанда көрші микрорайонда оқыдық. Солда бәріне "баламның қауіпсіздігіне өзім жауап беремін" деген қолxат жазғызды. Жазған жоқпын. Мен ол мектепті өз еркіммен таңдаған жоқпын, сондықтан бірдене болса мектеп жауап беру керек. Ремонтты уақытылы аяқтамағанына мен кінәлі емеспін. Қалған ата-аналар қолxат жазып, келісімін беріпті, балаларын бағаламайды ма? Түсінбеймін...

Айта берсең көп. Қысқасы, ата-анлар өз құқықтарын білмейді, мұғалім баласынан өшін алады деп уборкаға, анау-мынауға ақша тапсыра береді. 30 ата-ана тапсырмай көрсін ше, 30 баладан өш алатынын көрер ем. Ата-аналар, өздеріңіз кінәлісіздер. Өз құқықтарыңызды, балаңыздың құқығын білмеген үшін. Жұрттың сөзімен, жағымпаздықпен өмір сүріп жатқан үшін".

Шынында мектептегі ақша жинау мәселесі біраз жылдан бері шешілмей келе жатқан мәселелердің бірі. Көпшілік ата-ана балалары үшін мұғалімдерге "сыйлық" беріп тұрғанды жөн көреді. Ал сіз, балаңыздың мұғаліміне сыйлық бердіңіз бе?

Фото:@aina_doskyzy

ERNUR.KZ