Талай шумен аты шыққан Төреғали мырза халықтан кешірім сұрап әлек болды. Парақшасына жазған жазбаларынан бөлек "Қатемді кешіріңдер" деген ән шығарды. Ән желіге шыққан бір тәулікте оны 100 000-ға жуық адам тыңдаған.
Талай шумен аты шыққан Төреғали мырза халықтан кешірім сұрап әлек болды. Парақшасына жазған жазбаларынан бөлек "Қатемді кешіріңдер" деген ән шығарды. Ән желіге шыққан бір тәулікте оны 100 000-нан аса адам тыңдаған.
Бұл шығарманың авторы әншінің жан достары Қайнар Алагөзов пен Құрал Молжанов. Бұл әннен соң, енді әнші әр аймақта "Қатемді кешіріңдер" деп аталатын шығармашылық кештерін өткізуге кіріскен сияқты.
Әнді тыңдаған желі қолданушылары " Gulbahram Samsung: Шынымен кателеспейтін пенде жок кой.Алладан кешірім сұрау керек, бірінші кешірім сұрағаның дұрыс болды. Алланың сынағы деп білерсің... Мұның бәрін саған Құдай берді, соған шүкір етіп қарапайым болуға тырысасың деп білемін. Алла қолдасын сені!", Сабина Капишева: "Басыңды ие бер халқыңа . Одан кем болмайсың. Жолың ақ болсын. Биіктен көріне бер, жерлесім!", Сагыныш Советбек: "Басында ойлану керек еді Төреғали... Өзіңше көкірек болмай... Негізінде халықтың арқасы ғой осының бәрі... Кешіреді, кешірмей қайда барады..." деген сияқты қолдауларымен қатар, сындарында жеткізіп жатыр.