ТҮРКІСТАН: Тұрғындар дауыс беру учаскесі туралы ақпаратты онлайн ала алады

0
470

tur.saylaw.kz сайлаушылар порталы және телеграм бот @tur-saylaw_bot мобильді қосымшасы жұмыс істеп тұр.


ТҮРКІСТАН: Тұрғындар дауыс беру учаскесі туралы ақпаратты онлайн ала алады

Түркістан облысының тұрғындары өздерінің сайлау учаскелері туралы мәліметтерді онлайн режимінде ала алады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


5 маусымда ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы республикалық референдум өтеді. Түркістан облысының тұрғындары өздерінің сайлау учаскелері туралы мәліметтерді онлайн режимінде ала алады, деп хабарлайды Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету, архивтер басқармасының баспасөз қызметі.


Өңір тұрғындары өзінің дауыс беру учаскесі туралы мәліметтерді нақты уақыт режимінде келесі арналар арқылы алуға мүмкіндік береді:


Облыс тұрғындары «tur.saylaw.kz» сайлаушылар порталы және телеграм бот @tur-saylaw_bot мобильді қосымшасы арқылы дауыс беру учаскелерінің мекенжайы туралы толық ақпарат алуына болады.


914 дауыс беру учаскесінің ішінде 245 дауыс беру учаскелерінің жауапты мамандарына egov.kz порталы арқылы дауыс берушінің сол учаскелерге тиістілігін тексеру мүмкіндігі қарастырылған.


Аталған порталда сайлаушының сайлау учаскесі бойынша (учаске нөмері, мекен-жайы, орналасқан ғимараты, 109 call байланыс орталығы) анықтама алуға мүмкіндігі бар.


Референдум бойынша 109 бірыңғай байланыс орталығының 11 операторы мен 8 инспектеріне алдын-ала оқыту жұмыстары жүргізіліп, арнайы мәлімет базасы енгізілді. Қазіргі таңға ақпарат алу мақсатында 200-ден аса тұрғындар хабарласқан. Сондай-ақ, телеграм бот мобильді қосымшасын 349 218 рет қолданып, ЖСН арқылы 255 695 рет анықтау жүргізілген.


Айта кетейік, барлық сұрақтар бойыншап «109» колл орталық 24/7 режимде жұмыс істейді.