БАҚЫТТЫ болғыңыз келсе, САЯХАТ жасаңыз

0
4 111

Міндетті түрде шетелге ме? Жоқ, әрине!


БАҚЫТТЫ болғыңыз келсе, САЯХАТ жасаңыз

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

«Саяхат» сөзін естігенде ойыңызға не келеді? Ұшаққа билет сатып алу, естелік суреттерге түсу, ауыр сөмкелерді көтеріп жүру ме? Жоқ, бұлар ғана емес, біз білмейтін біраз нәрсе бар.

Психологтардың зерттеулеріне сәйкес, саяхат – физикалық форма үшін ғана емес, психика мен эмоцияға да пайдалы екен. Тоқетерін айтқанда, саяхат бізді бақытты ете түседі. Мәселен...


Өзіңізге деген сенімділік арта түседі

Нью-Йорктегі іс-сапар, Мароккодағы отбасылық демалыс немесе батыл шешім қабылдап, кез-келген жерде өмір сүруге жолға шығу адамдардың өміріне оң әсерін тигізеді. Өйткені, егжей-тегжейлі құрылған жоспар барысында да күтпеген жағдайлар орын алуы әбден мүмкін. Ал, адамдар тиісінше, өзге мәдениет пен өмір салтына сіңісіп, бейтаныс жерде кезіккен мәселелерді шешуді үйренеді және өзін-өзі бағалауын арттырып, анағұрлым икемді, шыдамды бола түседі.


Арманыңыздағы адамдарды кездестіресіз

Бірқалыпты күйбең тіршілікке қарағанда, саяхат барысында жаңа достар тауып, өміріңізді өзгерту оңайырақ. Мысалы: ұшақтағы көршіңіз армандап жүрген жарыңызға, экскурсиядағы жолсерік — сізге өте қолайлы қызмет ұсынушыға немесе т.б. айналуы мүмкін. Иә, бұл ойдан шыққан қиял емес, кейбіреулердің өмірінде орын алып жататын жағдайлар.


Пайдалы эмоцияларға бөлену


Шынайы достармен саяхаттаған кезде демалыстың риясыз күлкімен, көңіл көтерумен өтетіні заңдылық. Ал, күлкі, көңілді жүру – бақытты өмір сүруге себеп бола алады.


Жақын адамдардың қадірін сезінесіз

Кейбіреулер жалғыз өзі демалысқа барғанда, жанына жақын адамдарды бағалауды үйренеді. Ал, оларды сағынып қауышудың сыйлайтын әсері мүлдем бөлек әңгіме!


Жаңа нәрселерді үйрену

Адамдар өз кәсібінің бар екеніне қарамастан, шетел асханасының мастер-класына қатысуды, жағажайда дайвинг үйрену немесе йогамен айналысу секілді жаңа нәрселерді үйренуге құмар. Ал, оның себебін психлогтар: «Жаңа нәрселерді үйрену немесе танысу кезінде ми белсенді жұмыс істеп, қандағы адреналин оянады. Ал, бұл табиғи процесс өмір сүрудің жақсаруына оң әсерін тигізеді», - деп тұжырымдайды.


ОНЛАЙН тәуелділіктен арыласыз

Бұл – ғаламшарда ғаламтордағыдан да әдемі өмір бар екенін сезінуге мүмкіндік береді және оған ұялы телефонсыз қол жеткізуге болатынын дәлелдей алады. Сонымен қатар, әлеуметік желілерден тыс саяхаттың сыйлайтын өзіндік ерекше әсері бар - миыңыз бен құлағыңыз бір сәтке болсын дамыл табады.


Өзіңізге-өзіңіз рақат сыйлайсыз

Ал, мына құбылыс – жан дүниеңіздің үйлесімін қалпына келтіруге, табиғаттан қуат алуға, өзіңізбен-өзіңіз оңаша демалуға және ғашықтар немесе достар арасындағы қарым-қатынасты тексеруге мүмкіндік сыйлай алады. Ең бастысы – өзіңізге есеп беріп, шешімін таппай жүрген мәселелерді шеше аласыз.


Өмірлік әсер аласыз

Адамдар саяхаттау арқылы әлеуметтік желілердегі сурет немесе видеолардан ғана көріп тамсанатын әсерлерді шынайы түрде сезіне алады. Ол үшін саяхатқа дайындалып, нақты жоспар арқылы ойын іске асырса жеткілікті.


«Ынтық болу» сезімін оятады

Саяхаты керемет өткен адамдардың көпшілігі демалысы аяқталғаннан кейін, келесі саяхатына жоспар жасай бастайды және алдыңғы барған жеріне қайта барғысы келетіндер де аз емес. Оның себебі – ғажайып демалыс аймағының барып үлгермеген жерлерінде болу немесе «әттеген-ай» деген ойларын жүзеге асыру болуы мүмкін. Бұны – әлемді «сұлулыққа» жетелейтін бір нәрсеге ынтық болу сезімінің оянғаны деп есептеуге болады.


Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Қазақстандағы ең қымбат қонақүйлер - ТОП-5

Қазақ жеріндегі «Қазына түбегіне» барып көрдіңіз бе?