12 мыңға жуық ​шымкенттік «BIRGEMIZ» қорынан 50 мың теңгеден алды

0
1 368

Күні кеше 11 904 отбасы мүшелерінің жеке есеп шоттарына қордан 50 мың теңге аударылды.


12 мыңға жуық ​шымкенттік «BIRGEMIZ» қорынан 50 мың теңгеден алды

Елде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен «Birgemiz» қоғамдық қоры құрылып, Республика бойынша көмекке аса мұқтаж жандарға 50 мың теңгеден үлестіріліп жатқаны баршаға белгілі. Осы көмекке Шымкент қаласы бойынша 21 864 отбасы қол жеткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Алдағы уақытта тағы да 19 766 отбасы 50 мың теңгемен қамтылатын болады. Қазіргі таңда тiзiм бойынша қаражат бөлу процессі жүрiп жатыр.

Айта кетсек, күні кеше 11 904 отбасы мүшелерінің жеке есеп шоттарына қордан 50 мың теңге аударылды.
Апта аяғына дейін қаражат барлық азаматтардың есеп шотына түседі.

Ал аталған жәрдемақы келесідей 7 түрлі санатқа кіретін азаматтарға ғана тиесілі: Әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылар, бірінші топ мүгедектер, мүгедек бала күтімімен отырған жандар, зейнетақысы төмен және аз қамтылған зейнеткерлер, жетім балалар, ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілгендер және тыл еңбеккерлері қамтылады.
Яғни, ел басына күн туғанда ешбір жан қиналып қалмасын деген ниетпен барынша тиісті көмектер беріліп жатыр.