​EDUCAMPSHYM ЖАЗҒЫ БАҒДАРЛАМАСЫ – БІЛІМ МЕН БОЛАШАҚҚА АШЫЛҒАН ЖАҢА ЖОЛ

0
119


​EDUCAMPSHYM ЖАЗҒЫ БАҒДАРЛАМАСЫ – БІЛІМ МЕН БОЛАШАҚҚА АШЫЛҒАН ЖАҢА ЖОЛ

фото көрнекілік үшін basnews.kz сайтынан алынды

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбектің төрағалығымен 1–27 маусым аралығында басталатын 9–10 сынып оқушыларына арналған ерекше жазғы бағдарлама — EduCampShym туралы жиын өтті.

Оған өңірдегі жоғары оқу орындарының басшылары қатысты. Жиында Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Гүлназ Сүлейменова жаңа жобаны таныстырды.
EduCampShym оқушыларға не береді? Бұл қандай жоба деген сұрақтар төңірегінде қойылған сауалдарға жауап ретінде — EduCampShym жазғы бағдарламасы аясында оқушылар университеттердің зертханалары мен оқу базаларында тәжірибе жинақтайтын болады. Сонымен бірге студенттер мен оқытушылардың менторлық қолдауымен квесттерге, тренингтер мен шеберлік сабақтарына қатысады, арнайы сертификат алады.
Нәтижесінде, оқушылар:
Мамандық таңдауда нақты бағыт алады;
Университетпен ерте байланыс орнайды;
Жазғы демалысы мазмұнды әрі қауіпсіз өтеді.
Айта кететін жайт, бұл жоба жоғары оқу орындары басшыларынан қолдау тауып отыр.
Бөлісу