​ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА – ЕРЕКШЕ ҚАМҚОРЛЫҚ

0
423

Қазан айының екінші жексенбісі елімізде мүгедектігі бар азаматтардың күні болып белгіленген.


​ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА – ЕРЕКШЕ ҚАМҚОРЛЫҚ

Ерекше жандардың құрметіне Опера және балет театрында Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты "Тең қоғам" әлеуметтік қолдау орталығының ұйымдастыруымен мерекелік шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Салтанатты жиынға 300-ге жуық азамат шақырылып, тарту-таралғы жасалды.
Бүгінде мегаполисте 40 мыңнан астам мүгедектігі бар азамат тұрады. Оның ішінде 8 мыңға жуығы 18 жасқа дейінгі балалар. Оларға мемлекет тарапынан айтарлықтай көмек көрсетілуде. Арнайы әлеуметтік портал ашылған.
Жыл басынан порталға келіп түскен өтініш саны 28 мыңнан асса, өтініш иелері протездік-ортопедиялық көмек құралдарымен, сурдотехникалық, тифлотехникалық, гигиеналық құралдармен, қол арбалармен, жеке көмекші, ымдау тілі мамандарының қызметімен, шипажайларға тегін жолдамалармен қамтылды.
Сондай-ақ арнайы жабдықталған «Инватакси» көліктеріне 625 өтінім қабылданып, қызмет көрсетілуде.
Айта кетейік, әлеуметтік қызметтер порталының мүмкіндіктеріне сәйкес қолданба арқылы азаматтар тауарлар мен қызметтердің сапасы мен уақытылы жеткізілмегеніне қатысты шағымдана алады.