"GAP": Шымкентте қаржы пирамидасы анықталды

0
721

Күдікті азаматтардың сеніміне кіріп, олармен баспана немесе көлік сатып алуға қаржылай көмек көрсету туралы келісімшарт бекіткен.


Шымкентте "GAP" өндірістік кооперативінің атын жамылған кезекті қаржы пирамидасы анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ

Бұл туралы ҚР ҚМА баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, күдікті азаматтардың сеніміне кіріп, олармен баспана немесе көлік сатып алуға қаржылай көмек көрсету туралы келісімшарт бекіткен.

Қаржы пирамиданың ұйымдастырушысына қатысты сот «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды.

Қаржы пирамидасын құрғаны үшін Қылмыстық кодекстің 217-бабы (Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету) бойынша мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.