Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкенттегі облыстық ауруханаға кіріп шықты

0
1 016

Мемлекет басшысы жарақат алғандардың жағдайымен танысты.


Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкенттегі облыстық ауруханаға кіріп шықты

Қазақстан Президенті облыстық клиникалық ауруханаға барып, Арыс қаласындағы жарылыстан зардап шеккендердің көңілін сұрады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мемлекет басшысы төтенше жағдай аймағында медициналық көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру үшін қосымша шаралар қабылдауды тапсырды. Қазақстан Президенті зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларымен аман-есен қауышуына тілектестік білдірді.