Қазақстан халқы Ассамблеясы: Шымкентте жастар қозғалысы мүшелерінің қатысуымен 30-ға жуық іс-шара өтті

0
478

«Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы 2018 жылы құрылып, бүгінде қарқынды жұмыс жасап келеді.


Қазақстан халқы Ассамблеясы: Шымкентте жастар қозғалысы мүшелерінің қатысуымен 30-ға жуық іс-шара өтті

Шымкент қаласындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы 2018 жылы құрылып, бүгінде қарқынды жұмыс жасап келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының негізгі мақсаты – Қазақстанда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту жұмыстарына жастарды тарту болып табылады.
Қазіргі таңда ұйымның қалалық штабына 35 жас мүшелік етеді. Олардың қатарында мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар қанаттарының, «Достық» клубтарының мүшелері, т.б. этнос жастары бар.
Жыл басынан бері Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы мүшелерінің қатысуымен 22 іс-шара ұйымдастырылды. Оның ішінде «Жаңғыру жолы» РЖҚ өңірлік штабы мен «Jas Otan» ЖҚ Шымкент қалалық филиалы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум түзілді.
Жастар бастамаларына қолдау білдіру, оларды жалпымемлекеттік мақсаттар мен міндеттерге жұмылдыру, бейресми жастар көшбасшыларымен жұмыс жүргізу бағытында 16 кездесу өткізілді.
Жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, теріс діни ағымдардың ықпалынан сақтау бағытында арнайы лекторийлер, дәрістер, семинарлар, шеберлік сабақтары, акциялар ұйымдастырылды.