Мамандар тұрғындарға дауылды ескертуге байланысты сақтық шараларын сақтауға кеңес береді.
Шымкент қаласында 25 қараша күні күндіз оңтүстік-батыстан күші 15-20, екпіні 23 м/с желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы «Казгидромет» орталығы мәлімдеді.
Мамандар тұрғындарға дауылды ескертуге байланысты сақтық шараларын сақтауға кеңес береді:
- есік-терезелерді мықтап жабыңыз;
- көршілерге қауіп туралы хабарлаңыз;
- балкондардан (аулалардан) жел алып кетуі мүмкін заттарды жиыстырыңыз;
- ғимараттар мен құрылыстардан, биік бағаналардан, ағаштардан, билбордтардан, діңгектерден, тіректерден және электр сымдарынан аулақ болыңыз;
- көліктерді ағаштардың, билбордтардың астына қоймаңыз.