ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығының президенті шымкенттік кәсіпкерлермен кездесті

0
616

Бас қосу еркін тақырыпта өтті.


ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығының президенті шымкенттік кәсіпкерлермен кездесті

Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер қауымдастығының президенті Қайрат Айтбай үшінші мегаполиске жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Елордалық делегация құрамында Ассамблея және қауымдастық мүшелері, Алматы қалалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері де бар. Жұмыс тобы Әл-Фараби кітапханасында жергілікті кәсіпкерлермен жүздесті.

Бас қосуды Шымкент қалалық ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығы төрағасының орынбасары Икрам Хашимжанов жүргізіп отырды.
Қауымдастық президенті Қайрат Орынбайұлының айтуынша, жуырда Мемлекет басшысының кәсіпкерлермен кездесуінде саладағы өзекті мәселелер көтерілген-ді. Енді ел Президенттің тапсырмасы бойынша тиісті жұмыс қолға алынып отыр.
– Алдымен Нұрсұлтан қаласында жиын өтті. Жұмыс бағытын анықтап алып, ел аймақтарын аралауға шықтық. Алматы, Тараз қаласынан кейін Шымкентке келіп отырмыз. Мұндағы мақсат – жергілікті кәсіпкерлермен, Ассамблея мүшелерімен кездесіп, оларды тыңдау, өзекті мәселелерді талқылау, проблемалар болса, бөлісу, тәжірибе алмасу. Барлығымыздың көздегеніміз – кәсіпкерлікті жандандырып, ел экономикасының дамуына үлес қосу. Осылайша екі ай бойы Қазақстанның барлық аймағында кездесулер өткізуді жоспарлап отырмыз, – деді Қайрат Орынбайұлы.
Жиында жергілікті іскер азаматтар сөз алып, өз кәсіптерімен таныстырды, жетістіктері мен проблемалармен бөлісті. Бас қосу еркін тақырыпта өтті.

Айта кетейік, Шымкент қаласының прокуратурасы кәсіпкерлердің мектепке дейінгі білім беру бойынша қызмет көрсету кезіндегі құқықтарының сақталуына талдау жүргізді.

Талдау барысында Шымкент қаласының білім басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) ағымдағы жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша 500-ден астам шарт жасағандығы анықталды.

Дегенмен жасалған шарттарда Басқармаға қызмет көрсететін кәсіпкерлік субъектілеріне техникалық ерекшелікке сәйкестігі тұрғысынан бақылау және тексеру жүргізуге құқық беретін тармақ көрсетілген.

Осылайша, Басқарма бақылау-қадағалау функцияларына ие болмай, өзіне Кәсіпкерлік кодекстің 134, 135-баптарында көзделген мемлекеттік бақылау және қадағалау өкілеттіктерін заңсыз берген.

Қала прокуратурасының қадағалау актісі бойынша шарттардан заңсыз талаптарды алып тастау арқылы 505 кәсіпкердің құқықтары қорғалды.