Бірқатар елдімекендер мен аудандарда жарықтың апаттық өшуі орын алған.
Шымкент қаласында жарық сөнді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қаладағы бірқатар елдімекендер мен аудандарда жарықтың апаттық өшуі орын алды.
“Жарықтың апаттық өшуі “Kegoc” тарапынан орын алып отыр. Қайта қосылу уақыты белгісіз”, - делінген ikomek109.shymkent-тің инстаграмм парақшасында.
"KEGOC" АҚ өкілдерінің ақпараты бойынша Балқаш қаласында орналасқан Солтүстік-Оңтүстік транзитінде Оңтүстік желі солтүстік желіден бөлінді (Автоматты ажырату іске қосылды). Қазіргі уақытта KEGOC АҚ қызметкерлері жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Жоғарыда аталған себептер салдарынан Шымкент қаласындағы электр энергиясы өшірілді”, - деді Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы.