Италияның Турин қаласында өткен XXXII қысқы Универсиадада шорт-тректен ерлер құрамасы 5000 метрлік эстафетада қола жүлдені жеңіп алды.
Ұлттық құрама сапында Шымкент қаласының №8 Қысқы спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы Айбек Темірхан өнер көрсетті.
Жеңіске үлес қосқан батырлар:
Санжар Жанысов
Айбек Темірхан
Валерий Клименко
Әлішер Абулкатимов
Айбек Темірхан бұған дейін шорт-тректен жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионатының бірнеше мәрте жүлдегері, сондай-ақ Италияның Бромо қаласында өткен халықаралық турнирдің күміс жүлдегері атанған.