Отпен ойнаған: Шымкентте өрт болып жатқан жертөледен 2 бала шығарылды

0
566

Жертөледе 2011 және 2012 жылы туылған екі бала отпен ойнаған.


Отпен ойнаған: Шымкентте өрт болып жатқан жертөледен 2 бала шығарылды

Шымкенттік өрт сөндірушілер 2 баланы өрттен құтқарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласында 10 мамыр күні 18.45-те «112» құтқару қызметіне 4 шағынауданы Р.Қабылбеков көшесіндегі құрылысы бітпеген ғимараттың жертөлесінде өрт болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Құтқару қызметіне хабарласқан зардап шеккен жас балалар екен.
Жертөледе 2011 және 2012 жылы туылған екі бала отпен ойнаған. Салдарынан өрт орын алып, жертөлені іші қара түтінге оранып, балалар сыртқа шыға алмай қалған.
“Өрт орнына жедел жеткен мамандандырылған жасақтың қарауыл бастығы Р. Письменский, аға өрт сөндірушілер Б.Сихымбаев, Б.Лескен, ГТҚҚ аға шебері Ө.Қуантай тез арада қою түтінге оранған жертөлеге кіріп, талықсып жатқан балаларды дер кезінде арнайы тыныс алу аппараттарына қосып сыртқа шығарды”, - делінген баспасөз хабарламасында.
Осылайша өрт сөндірушілер 2 баланың өмірін құтқарып қалды. Ал, жертөледе 6 шаршы метр қоқыс жанған.
Түтінге тұншығып, үрейленген балалармен «112» қызметкерлері үнемі хабарда болып, іс-қимылдар тәртібін түсіндіріп отырды.
Өрт сағат сағат 19.31-де толығымен сөндірілді. Өртті сөндіруге 3 техника, жеке құрамнан 13 адам, апаттар медицина орталығы филиалыныңың 1 бригадасы жұмылдырылды.