ШЫМКЕНТ: А-2 тас жолының екінші кезеңі аяқталуға жақын

0
601

А-2 тас жолының жалпы ұзындығы 31,6 шақырымды құрайды.


ШЫМКЕНТ: А-2 тас жолының екінші кезеңі аяқталуға жақын

Шымкенттегі ірі құрылыс нысандарының бірі – А-2 «Алматы – Ташкент» автомобиль жолы. Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов бүгінгі аралау барысында аталмыш нысанға бырып, құрылыс жұмыстарының барысын бақылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

А-2 тас жолының жалпы ұзындығы 31,6 шақырымды құрайды. Құрылыс мерзімі 2018-2024 жылдарға жоспарланған. Сегіз кезеңнен тұратын құрылыс жұмыстарының бүгінде екінші және төртінші кезеңі бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2-кезеңде Ынтымақ шағын ауданынан Темірлан тас жолына дейінгі аралық қамтылған. Ұзындығы 2,5 шақырым. Автомобиль жолының ені 80 метр, 4 жолақты. Жолдың екі жағынан да су ағатын арық, жасыл аймақ, аяқжол, жарықшамдар қарастырылған. Қазіргі уақытта жер жұмыстары атқарылуда және жұмыс 75% орындалған. Жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде.
Ал, 4 кезең – Темірлан тас жолынан Бадам өзеніндегі көпірге дейін. Ұзындығы 1,86 шақырым. Автомобиль жолының ені 35,5 метр, 6 жолақты. Мұнда да су ағатын арық, жасыл аймақ, тратуар көзделген. Бүгінде құрылыс жұмыстарының 35 пайызы орындалған. Жолды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.
М.Әйтенов күре жолды салып жатқан мердігерлермен сөйлесіп, құрылысқа кедергі келтіретін мәселелерді талқылады. Жер телімдерін мемлекет мұқтаждығына алу жұмыстары құрылыс қарқынына кедергі келтіруде екені айтылды. Бұл жөнінде жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.