​ШЫМКЕНТ: «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ - БАҚЫТТЫ ЖАН»​ жобасы аясында семинарлар жалғаса береді

0
364

Мақсаты – қоғамда отбасы институтын нығайту, шағын мемлекет құндылықтарын, дәстүрін сақтау қағидаларының үстемдік етуіне ықпал жасау.


​ШЫМКЕНТ: «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ - БАҚЫТТЫ ЖАН»​ жобасы аясында семинарлар жалғаса береді

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының тапсырысымен 2023 жылғы 1-ші тамыз және 30 қараша аралығында Шымкент қаласында «Бақытты отбасы-бақытты жан» жобасы аясында 10 семинар-кездесу өткізіледі. Алғашқы семинар 14 қыркүйекте өтті.

Жалпы бұл іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда отбасы институтын нығайту, шағын мемлекет құндылықтарын, дәстүрін сақтау қағидаларының үстемдік етуіне ықпал жасау. Бақытты отбасының әрбір мүшесінің, яғни ата-ананың құқығы, балалардың құқығының сақталуы, өзара сыйластық, тығыз қарым-қатынасты қалыптастыруда психологиялық тұстарды реттеу, тәжірибелі заңгерлер және отбасылық психологтардың қатысуымен мазмұнды іс-шаралар ұйымдастыру.
Әр іс-шараға 30 отбасы мүшелерін қатыстыстыра отырып, отбасыларға қажетті заңгерлік, психологиялық көмектер беру, сауалдарға жауап беру, отбасында туындайтын тұстарды жан-жақты қарастыру және оларды ұтымды мысалдармен, пікір алмасу арқылы бақытты отбасы мүшелерінің өмірлік ұстанымдарымен бөлісу, ортаға салу. Ал жоба аясындағы іс-шараларға көпке үлгі боларлық отбасыларды шақырылады.
Айта кету керек, Түркістан жерінде өткен Ұлттық Құрылтай отырысына қатысқан ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев отбасы мәселесіне тоқталған болатын.
«Отбасындағы зорлық-зомбылық қоғамдағы келеңсіз және өзекті мәселе болып тұр. Мұндай заңсыз әрекет жасағандар міндетті түрде заң аясында тиісті жазасын алуы керек. Еліміздің болашағы отбасында қалыптасады. Ал отбасы бақытты болса, еліміздің келешегі де жарқын болады. Бала тәрбиесі – ең алдымен, ата-ананың міндеті. Алайда кейде ата-аналар дұрыс тәрбие берудің орнына өздері жағымсыз үлгі көрсетеді. Балалардың тәртібіне бейтарап, селқос қарайды, тіпті, жауапкершіліктің бәрін мектепке, мұғалімдерге жүктейді. Ата-аналар баланы, ең алдымен, мемлекет, Үкімет не қоғам үшін емес, өзі үшін дүниеге әкеледі. Әрбір ата-ана саналы ұрпақ өсіруге баса мән беруге тиіс», - деді Президент.