Шымкент қаласында сейсмикалық жаттығулар өтті

0
680

Теле-радиоарналарды қармау, әлеуметтік желілерде тарату жүзеге асырылды.


Шымкент қаласында сейсмикалық жаттығулар өтті

2024 жылғы 23 ақпанда сағат 10:00-де Шымкент қаласының аумағында жалпы қалалық сейсмикалық жаттығуы өткізіліп, сағат 10:00-де құлақтандыру жүйесі қосылды.

Теле-радиоарналарды қармау, әлеуметтік желілерде тарату жүзеге асырылды.
Сейсмикалық жаттығулар барлық мектепке дейінгі мекемелерде, білім беру орындарында, әкімшілік ғимараттарда, ықтимал қауіпті нысандарда және тұрғын үй секторларында өткізілді.
Сейсмикалық жаттығулар Шымкент қаласы прокуратурасының ғимаратында басталып, Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ғимаратында, "Наурыз парк" тұрғын алабында жалғасты, бұдан әрі №137 жалпы орта мектебінде, "Бал-бұлақ" балабақшасында, "Шымкент плаза" сауда орталығында және №1 Қалалық клиникалық ауруханасында, химиялық қауіпті аймақ «Шымкент сыра қайнату зауыты» ЖШС-де өткізілді. Жер сілкінісі кезіндегі практикалық әрекеттер пысықталды.
Жалпы қаладағы денсаулық сақтау басқармасына қарасты мекемелерде, барлық білім беру нысандарында, көп қабатты тұрғын үйлерде, адам көп шоғырланған орындарда сейсмикалық жаттығу өткізілді.
Бұл іс-шаралар бірінші кезекте болуы ықтимал жойқын жер сілкінісі кезінде халықтың іс-қимылдарын пысықтауға, жедел ден қоятын қызметтердің күштері мен құралдарының дайындығын тексеруге бағытталды.
Сейсмикалық жаттығуға Шымкент қаласы ТЖ департаментінен 35 техника, 110 адам, қалалық азаматтық қорғау қызметтерінен 35 техника, 185 адам жұмылдырылды.
Бөлісу