Шымкент қаласының әкімі америкалық инвестормен кездесті

0
1 012

Кездесуде америкалық компания Қазақстанда жаңбырлатқыш қондырғылар зауытын салуға ниетті екенін айтты.


Шымкент қаласының әкімі америкалық инвестормен кездесті

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Америка Құрама Штатының «Valmont» компаниясының вице-президенті Гиллен Роберт бастаған бір топ делегатпен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кездесуде америкалық компания Қазақстанда жаңбырлатқыш қондырғылар зауытын салуға ниетті екенін айтып, инвестициялық жоба туралы таныстырып өтті.

Ауыл шаруашылығы өндірісіне заманауи технологияны енгізудің маңызын ерекше атап өткен қала басшысы Қазақстанның үшінші мегаполисі елдің жетекші өндірістік және экономикалық орталықтарының бірі саналатынын айтты. Сонымен қатар, Мұрат Дүйсенбекұлы ауыл шаруашылығы саласында жүзеге асырылатын жобалар туралы жоспарларымен бөлісті.

Кездесу соңында әкім халықаралық агроөнеркәсіп саласындағы мамандандырылған компаниямен екі жақты іскерлік қарым-қатынасты орнатуға ниетті екенін жеткізді.