ШЫМКЕНТ: ​Кәсіпкерлерге қатысты заң талаптарын сақтау маңызды

0
345

024 жылдың алғашқы жартыжылдығында бизнес өкілдері тарапынан мемлекеттік органдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) қатысты 288 әкімшілік талап-арыз түскен.


ШЫМКЕНТ: ​Кәсіпкерлерге қатысты заң талаптарын сақтау маңызды

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

Кеңес төрағасы Мелес Сейтжановтың модераторлығымен өткен жиынға Палата басшылығы, кеңес мүшелері, қалалық прокуратураның, бақылау-құзырлы органдардың жетекшілері, қалалық әкімдіктің салалық басқармаларының өкілдері қатысты.

Кеңес отырысында Палата директорының орынбасары Майя Исаева бизнес өкілдерінің мемлекеттік органдардың әкімшілік актілері мен лауазымды тұлғалардың әрекетіне қатысты шағымдарына тоқталды.
«2024 жылдың 6 айында Кәсіпкерлер палатасына бизнесті қорғау бойынша түскен шағымдардың 23 пайызы – сәулет және жер қатынастары саласына, 17 пайызы – мемлекеттік сатып алуға, 16 пайызы көлік және логистика саласына қатысты. Шымкент қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ұсынған мәліметке сәйкес, 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында бизнес өкілдері тарапынан мемлекеттік органдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) қатысты 288 әкімшілік талап-арыз түскен. Оның ішінде сот 128 талап-арызды қайтарып, 78-не қатысты шешім шығарды. Ал 12 іс бойынша тараптар келісімге келген. Шешім шыққан 78 істің ішінде 46 іс бизнес өкілдерінің пайдасына шешілген.
Оған қоса 2023 жылы сот тарапынан 58 жеке ұйғарым шығарылған. Оның ішінде жеке және мемлекеттік сот орындаушыларына қатысты – 18, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары саласының қызметкерлеріне қатысты – 4, мемлекеттік сатып алу басқармасына қатысты 2 жеке ұйғарым. Ал 2024 жылдың 6 айының өзінде 46 жеке ұйғарым, оның ішінде жеке және мемлекеттік сот орындаушыларына қатысты – 16, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары саласының қызметкерлеріне қатысты – 7, мемлекеттік сатып алу басқармасына қатысты 4 жеке ұйғарым берілген.
Осы мәліметтерге қарап мемлекетік орган тарапынан шығарылған актілердің жартысынан көбісі заңсыз болғанын, бизнес субъектілерге қатысты талаптар негізсіз екенін көруге болады», – деді Майя Исаева.

Бөлісу