2021-2022 жылдарға жоспарланған жол құрылысының ұзындығы – 16 шақырым.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Оңтүстік» айналма жолының құрылысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аралау барысында әкім жұмыстың сапасына назар аударды.
Айналма жолдың құрылысы Ленгір тас жолынан бастап КХ-15 облыстық маңызы бар автожолына дейін жүргізіледі. 2021-2022 жылдарға жоспарланған жол құрылысының ұзындығы – 16 шақырым. Жауапты мердігер мекеме – «Корпорация Береке-А» ЖШС. Қазіргі таңда аталған нысанның Шымкент-Ташкент жолында қиылысатын бөлігінде көпір салынуда, жол жабынының жер жұмыстары атқарылуда.
Жалпы 16 шақырымның 5 бөлігінде жолдың негізін дайындау жұмыстары қолға алынған. Биыл жолайрық құрылысы, байланыс, электр, газ, сыртқы сумен қамту жүйелерінің орнын ауыстыру және жол құрылысы жұмыстары жоспарланған.