Бұл жоба осы жылдың қаңтар айының соңында жүзеге асады.
Шымкентте туристер мен қала тұрғындары үшін «Shymkent Tourism Center» туристік-ақпараттық орталығы ашылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қала әкімі М. Әйтеновтің тапсырмасымен қолға алынған бұл жоба осы жылдың қаңтар айының соңында жүзеге асады деп жоспарлануда.
500-ден астам ең ірі туроператорларды анықтау, оларға туристік маршруттарды ұсыну, шетелдік орталықтармен байланыс орнату, осы салаға қатысты жобалардың іске асуына қолдау көрсетіп, инвестиция тарту секілді жұмыстарды атқарады. Қысқасы, орталық «біртерезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетпек.
Сонымен қатар туроператорлар, көлік компаниялары, гид және көші-қон қызметтері өкілдерінің көмегін пайдалану мүмкіндігін ұсынады.
- Мақсат айқын. Туризмді дамыта отырып, бизнес ортаны нығайту. Жалпы Шымкент қаласы бойынша туристік өнімдердің отандық және шетелдік нарыққа жол тартуына ықпал ету,-дейді сала мамандары.