Орталық - ішкі туризмді дамытумен бірге қаладағы туристік нысандарды отандық және шетелдік нарықта насихаттауға ықпал етеді.
Шымкентте туризді дамыту мақсатында «Shymkent Tourism Center» туристік-ақпараттық орталығы құрылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Орталық - ішкі туризмді дамытумен бірге қаладағы туристік нысандарды отандық және шетелдік нарықта насихаттауға ықпал етеді.
Қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов шаһарда туризмді өркендетуге үлес қосатын орталықтың жұмысымен танысты.
Бұл орталық - туристерді ақпаратпен қамтамасыз етеді. Өңірдің туристік әлеуетін арттырады. Халықаралық шараларды ұйымдастырып, іскерлік туризмді дамытумен айналысады,- деді Мақсұт Пернебайұлы.
Орталықта «бір терезе» қағидаты құрылған. Онда көші-қон қызметтерінің көмегін пайдалануға, қаланың туристік имиджін дамытуға, ірі туроператорларды анықтапға болады.
Орталық қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарына кеңес береді, туристік карталар ұсынып,қалада өткізілетін іс-шаралар жөнінде жарнамалық ақпараттарды таратады.