Режиссер жастар арасындағы діни сауаттың төмендігін, олардың материалдық тәуелділік салдарынан өз тағдырына балта шабуын ерекше суреттеген.
Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында Б.Айдарбековтің «Жиһад» пьесасының желісімен «Құрық» спектаклі сахналанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қалалық Дін істері басқармасының тапсырысы негізінде сахналанған әлеуметтік драма бүгінгі қоғамның өзекті мәселесін қаузаған.
«Құрық» әлеуметтік драмасында бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелер —дәстүрлі діннен адасу, ұлттық, рухани құндылықтардан ажырап, материалдық жағдайды алдыңғы қатарға қою, байлыққа құмартқан пендешілік жайы баяндалған.
Режиссер жастар арасындағы діни сауаттың төмендігін, олардың материалдық тәуелділік салдарынан өз тағдырына балта шабуын ерекше суреттеген.
Театрсүйер қауым қойылымды ерекше ықыласпен тамашалап, бүгінгі қоғамның өзекті мәселесін ашық сахналаған өнерпаздарға қошемет көрсетті.