Шымкентке Иран мен Оңтүстік Кореядан келген 62 адам карантинге жатқызылған

0
1 583

Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында қолайсыз елдерден келген барлық азаматтар 14 күн мерзімге карантинге жатқызылады.


Шымкентке Иран мен Оңтүстік Кореядан келген 62 адам карантинге жатқызылған

Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында 1А санат бойынша қолайсыз елдерден келген барлық азаматтар, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №12 қаулысына сәйкес 14 күн мерзімге карантинге жатқызылып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Яғни, ҚХР, Иран және Оңтүстік Кореядан келген адамдар 14 күн бақылауда болады.
Шымкент қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметі бойынша, 2020 жылдың 5 -10 наурызы аралығында мегаполисте Иран мен Оңтүстік Кореядан келген 62 адам арнайы медициналық мекемеге карантинге жатқызылған.
Қала әкімдігі, денсаулық сақтау басқармасы және Шымкент қаласының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасымен қауіпсіздігін бақылау департаменті коронаврустық инфекцияның алдын алу және таралуына жол бермеу мақсатында емдеу және оқшаулауға қосымша төсектерді ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізіп, медициналық ұйымдарда вирусқа қарсы препараттар мен жеке басты қорғау құралдарының қоры құрылды.
Сауда ойын - сауық орталықтарына және ұйымдарға індеттің алдын алу шараларын сақтау бойынша ұсыныстар берілген. Білім басқармасына балалардың жаппай жиналуымен іс-шараларды өткізуге шектеу қойылуы, туризм басқармасына коронавирустық инфекциялар бойынша қолайсыз елдерге шығатын туристерге түсіндіру жұмыстарын жүргізу және эпидкезеңде жол жүруден бас тарту керектігі бойынша ұсыныстар берілді.
ЖРВИ, тұмау бойынша 2019/2020 жылғы эпидемиологиялық маусым аяқталған жоқ.
Осы кезеңде алдын алу шараларын сақтау маңызды: үй-жайларды күніне 2 реттен кем емес желдету, күн сайын үй-жайды ылғалды жинау, қолды сабынмен жиі жуу, температурасы бар адамдарға қоғамдық орындарға бармау және уақытында медициналық көмекке жүгіну қажет.